Оралда садақ атудан ел чемпионаты мәреге жетті
Күрес түрлерінен Түркияда өткен халықаралық турнирде қазақ палуандары үш медаль жеңіп алды.
Грек-рим шебері Бақытжан Қабдыл 63 келі салмақта күміс жүлде иеленсе, еркін күресте Алпан Оралбек күміс, ал Диас Сағдатов қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, бұл турнирге әлемнің 24 елінен 433 спортшы қатысты.
Үздіктер анықталды
Орал қаласында садақ атудан ел чемпионаты мәреге жетті. Бір аптаға созылған сында құралайды көзге атқан мықтылар топ жарды. Атап айтар болсақ, классикалық жарыста Жетісулық жігіттер жүлделі орындарды өз ара бөлісті. Ильфат Адуллин жеңімпаз атанса, Дәулеткелді Жаңбырбай күміс, Денис Ганькин қоланы қанағат тұтты. Қыздар арасында Александра Землянова топ жарды. Блоктық садақ атуда Алматы обылысының намысын қорғаған Дінмұхамед Мұса ел чемпионы атанса, қыздар арасында Шымкнттік Диана Юнусова алтыннан алқа тақты. Ал командалық сайыста Жетісу облысының жігіттері бас жүлде иеленсе, қыздар арасында Шымкенттік бұрымдылар олжалы болды.
Астон Вилла АПЛ-ды алғысы келеді
Ағылшын премьер лигасын асыға күтіп отырған жанкүйерлер көп. Өйткені бұл жарыс көрер көзге қызық және бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан да әрбір кездесу тартысқа толы. Тіпті осы маусымда қай команданың топ жарарын дөп басып ешкім айта алмайды. Биылғы үміткерлердің қатарында Астон Вилла да бар. Көктемде Еуропа лигасын ұтып алған Бирмингемдік клуб, санаулы күндерден кейін Француздардың ПСЖ- сымен Еуропа суперкубогын сарапқа салады. Қазіргі таңда Астон Вилла Азияда дәлірек айтсақ Тайландта оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр. Команда да біршама өзгеріс бар. Орталық шептің тірегі Морган Роджерс Челсиге ауысса, Юри Тилеманс Ман Юнайтедтің жейдесін киді. Осы екі ойыншыдан 150 млн еуродан аса пайда тапқан Астон Вилла Бразилиялық Жоао Гомес пен Швейцариялық Йоан Манзамбиді сатып алды. Сондай-ақ Алехандро Гарночоны да жалға алды. Енді шабул шебіне Николас Джексон мен Маркус Рэшфордтты немесе Антонио Нусаны алсақ деп отыр. Трансфер есігі тамыздың соңына дейін ашық. Сондықтан әлі де біраз өзгерістер болуы мүмкін. Бүгін Астон Вилла жергілікті Пи Жи Патхум командасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Ардагер теннисші сүрінген жоқ
Канаданың Монреаль қаласында теннистен АТР аясындағы дәстүрлі турнир басталды. Юс Оупен қарсаңындағы жарысқа барлық мықтылар келе алған жоқ. Ұйымдастырушылар Француз теннисшісі Гаель Монфиске де мүмкіндік берді. 39 жастағы Монфис поляк Камиль Майхшакпен кездесіп екі сетқа созылған ойныда 6:4 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші айналымда ардагер теннисшіге қиындау болады. Ол әлемнің 12 ші ракеткасы Америкалық Ленер Тьенмен кездеседі. Италиялық Матео Береттини мен Аргентиналық Мариано Навоне арасындағы ойында өте тартысты болды. Бірінші сетте ойын тізгінін уыстан шығармаған Мариано басым түскен. Берреттини екінші сетте тайбрейкте таразы басын теңестірді. Орда бұзар жастағы Матео шешуші сетте қанша тырысқанымен қарсыласынан айласын асыра алмады. Есеп 6:3 7:6 6:3 Навоне екінші кезеңге жолдама алды.