Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адамеспен кездесе ме?

«Тобыл» «Партизанға» есе жіберді. Футболдан Конференциялар Лигасында өнер көрсетіп жатқан қостанайлық клуб сырт алаңда белградтық «Партизанға» 3:0 есебімен жеңілді. Бірақ бәрібір келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі бар. Өйткені 13-тамызда қос команда біздің елде, нақтырақ айтқанда, Қостанайда қарымта матч өткізеді. 

Мейірім Рамосты жеңсе, Адамеспен кездеседі. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың мансабына қатысты WBC ұйымының, яғни Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман осындай пікір білдірді. Айта кетейік, орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз қыркүйекте WBC белбеуінің уақытша иегері америкалық кіші Хесус Рамоспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBC белбеуінің толыққанды иегері, яғни осы салмақтағы әлем чемпионы доминикандық Карлос Адамеспен қолғап түйістіруге мүмкіндік алады. Тіпті міндеттеледі десек те болады. Сондықтан қазақ жанкүйерлері Мейірімнің әр қадамын жіті бақылап, барынша қолдау танытып отыр. Қазақстандық боксшы қазір мұхиттың арғы жағында дайындықты жалғасытырып жатыр. Ол бүгінге дейін 20 жекпе-жек өткізіп, 20-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Сондықтан титулды тартып алуға барлық мүмкіндігі бар. Біз оған сәттілік тілейміз.

Жас таланттардың әлемдік олимпиадасы

105 елден келген IT өкілдері Дастан Сәтпаев туралы сұрап жатыр. Астанада  жасанды интеллект бойынша әлемдік олимпиада жалғасып жатыр. Оның аясында жұмыс жасап жатқан еріктілерді сөзге тартып, ең көп қойылатын сұрақ жайында білгіміз келді. Салыстырмалы түрде, шетелдік қонақтардың көбі ең алдымен Дастан Сәтпаев туралы сауалдар қояды екен. Яғни «Челси» сапында доп теуіп жүрген қазақ баласы қазір көпшіліктің назарына іліккен және соныңарқасында тқрткүл дүние біздің елді жас футболшы арқылы танып жатыр. Яғни 17 жастағы шабуылшы Қазақстан иммиджіне айтарлықтай оң ықпал еткен. Одан кейін қатысушыларды ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық ойындарымыз көбірек қызықтырады.

Білім олимпиадасына қатысатындар спорт олимпиадасына қатысатындардан кем еңбектенбейді. Сондықтан оларға көрсетілетін құрмет пен оларға берілетін сыйақы да тең болуы керек. Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясынң бас хатшысы Данабек Қалиаждаров осындай мәлімдеме жасады. Дәл осы ұйымның бастамасымен қазір елордада жасанды интеллект бойынша әлемдік олиимпиада өтіп жатыр. Оған 105 елден 500-ге жуық қатысушы жиналды. Олар осы IT саласындағы түрлі мәселелер мен кұрделі проблемаларды шешіп, әлем үздігі екенін дәлелдеуі керек. Бұған дейін қазақ балалары өзмықтылығын талай дәлелдеден. Мәселен, былтыр Қытайда өткен олимпиадада 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жеңіп алып, жалпы есепте, 4-ші орынға тұрақтады. Яғни АҚШ, Қытай, Ресей сияқты елдермен тең нәтиже тіркеп, тіпті, озып та жүр. Бірақ өкінішке орай, спортшыларға сияқты мемлекет тарпынан арнайы сыйақылар қарастырылмаған. Осы тұрғыда балаларды мүмкіндігінше ынталандырып, белгілі бір деңгейде қолдау жасалса, нұр үстіне нұр болар еді дейді Данабек Қалиаждаров.