Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды «24KZ».

ҰОК мәліметінше, құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.

Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.

Ал Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз