Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды «24KZ».
1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы Жапония өкілі Наоми Осака болмақ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз