ЧЛ: «Қайрат» «Левскиге» есе жіберді

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты. Канаданың Торонто қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнир жалғасып жатыр.

Ширек финалда қазақстандық Елена Рыбакина мен жапониялық Наоми Осака кездесіп, Елена 4:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалда америкалық Кори Гауффпен жолығады. 

«Қайрат» «Левскиге» есе жіберіп, чемпиондар лигасынан шығып қалды. Десе де еурокубоктағы жорығын жалғастырады. Қазақстандық және болгариялық клубтар алдымен сырт алаңда кездесіп, ойын 1:0 есебімен аяқталды.

Ал енді Түркістан қаласында өткен қарымта матчта тағы 1:0 есебі тіркелді. Яғни қос ойын қорытындысы бойынша «Левски» 2:0 есебімен жеңіп, чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-оффына өтті.

Ал алматылық клуб енді Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Әзірге келесі қарсыласы белгісіз. Белгілісі – бельгиялық «Андерлехт» пен грекиялық  ПАОК жұбының жеңімпазымен жолығады. Тағы бір айта кетерлігі, «Қайрат» биылғы маусымда да қомақты табыс табу мүмкіндігі бар. Мәселен, қазірдің өзінде чемпиондар лигасының үш іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 525 мың еуро сыйақы алды. Ұлттық валютаға шаққанда 282 млн теңгені құрайды. Ал келесі мачтарда,сәйкесінше, қосымша төлем көлемі арта береді.

Асаубаева мен Музычук тең түсті

Бибісара Асаубаева Анна Музычукпен тең түсті. Американың Сент-Луис қаласында шахматтан әйелдер арасындағы супертурнир басталды. Cairns Cup деп аталатын байрақты бәсекеге жылдағыдай әлем үздіктері жиналды. Араларында қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар. Ол жарыстың бірініші күні украиналық Анна Музычукпен кездесіп, тең нәтиже тіркелді. Енді жерлесіміз бүгін үндістандық, ал ертең америкалық қарсыластарымен жолығады. Одан кейін Қытай, Грекия, Швейцарияның қыздары күтіп тұр. Осы жарыс аясында Бибісара 7 елдің өкілдерімен кездседі. Бас-аяғы 9 ойын өткзеді. Сент-Луис қаласындағы турнир 20 тамызға дейін жалғасады. Оның жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды. Жеңімпазға 60 мың доллар беріледі.

Жылдың басты жарысына дайындық

Ел сенімін ақтауға тырысамыз. Қазақстан Каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахатпен кездесіп, алдағы Азия ойындарына дайындық жайында сұраудың сәті түсті. Оның айтуынша, ел намысын қорғайтын қыз-жігіттер қазір Алматыда, Алматыдағы олимпиадалық даярлау орталығында жатығып жатыр. Одан кейін Жапонияға аттанып, жарыс өтетін жерде шеберлік шыңдайды. Министрлік тарапынан және федерация тарапынан барлық қажетті қолдау жасалған. Азия ойындарының өзі қыркүйектің соңы мен қазанның басын өтеді.

Ал каратэ бойынша бәсекелер 21-24 қыркүйек аралығында болады. Яғни алғашқы күндері жүлдеге таласады. «Жауапкершілік үлкен. Бірақ біздің қыз-жігіттердің дайындығы жақсы әрі тәжірибесі мол. Сондықтан өз мықтылықтарын кезекті рет дәлелдейді», - дейді Болат Хавлахат.