Торонтодағы турнир: Елена Рыбакина финалда жеңілсе де, қанша гонорар тапқаны белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 2-ракеткасы) Канаданың Торонто қаласында өткен беделді WTA 1000 турнирінің финалында сүрініп, жарыстың жеңімпазы атағын Ига Швёнтекке есе жіберді. Дегенмен, бұл көрсеткіш оның мансабындағы аталмыш жарыстағы ең үздік нәтижесі болып тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».
Турнирдің жалпы жүлде қоры 7,43 миллион долларды (шамамен 3,45 миллиард теңге) құрады.
-
Турнир жеңімпазы (Ига Швёнтек, №8) - 1,08 миллион доллар (504,9 миллион теңге) сыйақыға ие болды;
-
Финалист (Елена Рыбакина) - 564,9 мың доллар (262,8 миллион теңге) көлеміндегі жүлде қорын еншіледі.
Айта кетейік, Торонтодағы шешуші финалдық кездесу екі сетке созылып, нәтижесінде Польша өкілі Ига Швёнтек жеңіске жетті.
Турнирдің шешуші матчынан кейін спортшы жанкүйерлерге ерекше ризашылығын білдірді:
Рақмет сіздерге, жігіттер. Маған сөз табу қиын. Бүгін мен жеңіске жету үшін бар күшімді салдым, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Ерекше атмосфера үшін үлкен рақмет. Бұл керемет турнир болды. Мен бұл жаққа өте тез арада қайта ораламын деп үміттенемін, – деді қазақстандық теннисші.