Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Германиядағы Гран-приде 15 медаль жеңіп алды

olympic.kz

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен халықаралық Гран-при турнирі мәреге жетті. Тартысты бәсекеде бақ сынаған Қазақстанның ұлттық құрамасы командалық есепте көш бастап, бірінші орынды иеленді.

Байрақты бәсекеде отандастарымыз жоғары дайындық көрсетіп, жалпы саны 15 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 4 күміс және 5 қола, деп хабарлайды «24KZ».

Алтын жүлдегерлер (І орын):

  • Арсен Жұма (55 кг)

  • Айбек Айтбеков (60 кг)

  • Айдос Сұлтанғали (63 кг)

  • Бағдат Сабаз (67 кг)

  • Юсуф Ашрапов (72 кг)

  • Мерей Маулитканов (77 кг)

Күміс жүлдегерлер (ІІ орын):

  • Дәулет Аширханов (63 кг)

  • Алматбек Аманбек (72 кг)

  • Ибрагим Магомадов (82 кг)

  • Джохар Узаров (130 кг)

Қола жүлдегерлер (ІІІ орын):

  • Аманғали Бекболатов (60 кг)

  • Ғалым Кабдунасаров (63 кг)

  • Мади Данелов (72 кг)

  • Омар Сатаев (82 кг)

  • Диас Кален (87 кг)

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық палуандар халықаралық аренада ел мерейін үстем етіп, жалпыкомандтық есепте бірінші орынды еншіледі. Мұхит асқан бәсекедегі бұл жетістік отандық спорт мектебінің әлеуеті мен балуандардың мықтылығын тағы да дәлелдеді.