Рыбакина US Open турнирінің екінші айналымына шықты
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тағы US Open турнирінің 2-кезеңіне жолдама алды.
Әлемнің 2-ракеткасы саналатын Рыбакина “Үлкен Дулыға” жарысына алғаш рет қатысып тұрған 17 жастағы американдық Теа Фродинмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қос сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:2 есебі тіркелді. Ол келесі кезеңде испаниялық немесе чехиялық теннисшілердің жеңгенімен кездеседі. Егер жерлесіміз жарыстың жартылай финалына дейін жетсе әлемдік рейтингте жеке дара көш бастайды. Артынша кортқа 84-орында тұрған Юлия Путинцева шығып, әлемнің 12-ракеткасы саналатын щвейцариялық спортшыны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алғашқы сет 4:6 есебімен қарсыласының пайдасына аяқталса, қалған 2 сетте 7:5, 6:3 есебімен Юлия Путинцева жеңісті жұлып алды. Енді 3-айналым жолдамасын қытайлық теннисшімен сарапқа салады.