Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының медаль қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды «24KZ».
Қаршыға салу бойынша сынға түскен Серікболсын Жалғасұлы жоғары шеберлік танытып, жарыс жеңімпазы атанды.
Осылайша, қазақстандық спортшы ел қоржынына алтын медаль қосты.
Айта кетейік, бұған дейін құсбегіліктен ителгі салу бойынша Бабажан Бағдаулет күміс, Ерлан Кенжетаев қола медаль иеленген болатын.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз