Әскери қызметкерлер доп тепті

Астанада әскери қызметкерлер шағын футболдан жазғы спартакиада аясында Қазақстан Қарулы күштері бас штабының кубогын сарапқа салды. 35 команда 10 күн бойы өз ара сынға түсіп жеңімпаздар мен жүлдегерлер бүгін анықталды.

Қорғаныс министрлігінің бас штабынан және Қарулы күштер құрылымдық бөлімшелерінен бас-аяғы 350 әскери қызметші қатысып, тартысты өткен додада Ұлттық әскери патриоттық орталығы топ жарды. Ал әскери бөлімдер арасындағы сайыста Әскери полиция бас басқармасы бас жүлдеге иелік етті. Турнир қортындысы бойынша Нұргелді Жакенов пен Сержан Жандыбаев және Думан Шаймерденов пен Мәди Мәлікұлы, сондай-ақ Жандос Айтмағамбетұлы мен Қуат Қажымұқановттар әртүрлі номинация бойынша үздік деп танылды.

Футбол ұжымды біріктіріп, командалық рухты қалыптастырады. «Сондықтан мұндай жарыстар әскерилер арасындағы ынтымақтастықты, достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен ықпал етеді», - дейді мамандар.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ елінің құрамасы жалпы командалық есепте алға шықты. Қазір спортшылар еншісінде 24 алтын 12 күміс 14 қола медаль бар. Бүгін арқан тартуда жігіттер үшінші алтынды жеңіп алды. Садақ атуда Аяш Қабдолаева мен Әсемгүл Ғалымжанова да үздік нәтиже көрсетті. Қазақ күресінен Ернұр Сүлеймен топ жарды. 

«ПСЖ» қашан жеңеді?

Қазір Францияда атағынан ат үркетін бір ғана футбол клубы бар. Ол – Пари Сен-Жермен. Испаниялық Луис Энрике тізгін ұстағалы ПСЖ шаппай бәйге алып жүр. Бес жыл бойы үш жолақты елден қарсылас таппай келген ПСЖ, чемпиондар лигасында да атой салып, қатарынан екі жыл қалқанқұлақ кубокты қанжығаларына байлады. Бір қызығы, жазғы трансфер уақытында Пари Сен-Жермен көп қаржы шығындаған жоқ. Керісінше, 182 млн еуро пайда көрді. Брэдли Баркола мен Гансалу Рамуш және Ибраим Мбайды жақсы бағаға сатты. ПСЖ Еуропа суперкубогын алып, жаңа маусымды да жеңіспен бастаған. Одан кейін үш ойында сүреңсіздікті серік етті. Алдымен Франция суперкубогын Лансқа сыйлай салса, ұлттық біріншілікте Ницца және Труамен тең түсті. Бүгін ПСЖ ел біріншілігі аясында Монаконы қабылдайды. Енді ұпай жоғалтып жатса қарсыластары қара үзіп кетуі мүмкін. Сондықтан Луис Энрике шәкірттері тек жеңіске жетудің жолын іздейді. Арғы аптада чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады. Парижге Словкияның Слован командасы қонаққа келеді. Журналистер сауалына жауап берген Луис Энрике бапкер үшінші рет қатарынан топ жаруға тәуекел етеміз деп отыр.

Мексикада мықтылар анықталды

Жыл сайын Мексикада Лига кубогы жолындағы жарыс өтеді. Бұл – турнирге АҚШ тың  МЛС лигасы және Мексика чемпионатындағы ең үздіктер қатысатын дода. Бейсенбі күні өткен жартылай финалдық кездесудер тартысқа толы болды. Толука өз алаңында Леонды қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Есепті үзіліске 4 минут қалғанда Федерико Перейра ашқан болатын. Екінші таймда Федерико Винья есепті еселеді. Одан кейін қонақтардың жүйкесі сыр беріп екі бірдей ойыншысы алаңнан қуылды. Енді жексенбінің кешінде Толука Мортерреймен бас жүлдені сарапқа салса, Леон мен Америка клубтары қола жүлдені үшін алаңға шығады. Осы жарыста үздік шыққан алты команда Конкакаф аймағының чемпиондар лигасына жолдама алады.

Сондай-ақ оқыңыз: