Қазақстан жалпы есепте топ жарды
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды.
Спортшыларымыз Қырғызстанда 1 аптаға жалғасқан дүбірлі додада 72 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі алтын, 20-сы күміс қалған 22-сі қола медаль. Ал Қырғызстан 30 алтынмен 2-орынға жайғасса, Ресей 7 алтынмен үздік үштікті түйіндеді.
Келесі көшпенділер ойындары 2028 жылы Татарстанда өтеді.