Теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты

Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды,  деп хабарлайды «24KZ» olympic.kz-ке сілтеме жасап.

1/8 финалда Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осакомен кездесті.

Матч екі сетке созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакинаның келесі қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: