«Алтын допқа» үміткер ТОП-30 футболшы анықталды: тізімде кімдер бар?

фото: reposta.kz

France Football басылымы 2026 жылғы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының есімін жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Аргентиналық шабуылшы Месси бұл марапатқа екі жылдық үзілістен соң қайта ұсынылып отыр. Ол өткен маусымда «Интер Майами» мен Аргентина құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 75 голдық нәтижеге қол жеткізді. Әрі ұлттық құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында доп тепті. 

Басты үміткерлер қатарында Усман Дембеле, Килиан Мбаппе, Харри Кейн, Эрлинг Холанд, Ламин Ямаль және Родри бар.
2026 жылғы «Алтын допқа» ұсынылған футболшылардың толық тізімі:

 Усман Дембеле;
  Джуд Беллингем;
  Пау Кубарси;
  Марк Кукурелья;
  Луис Диас;
  Бруну Фернандеш;
  Эрлинг Холанд;
  Габриэл Магальяйнс;
  Харри Кейн;
  Ашраф Хакими;
  Хвича Кварацхелия;
  Ламин Ямаль;
  Маркиньос;
  Садио Мане;
  Килиан Мбаппе;
  Лаутаро Мартинес;
  Лионель Месси;
  Нуну Мендеш;
  Жоау Невеш;
  Майкл Олисе;
  Виллиан Пачо;
  Хулиан Киньонес;
  Деклан Райс;
  Родри;
  Ферран Торрес;
  Дайо Упамекано;
  Винисиус Жуниор;
  Витинья;
  Фабиан Руис;
  Вильям Салиба.

Ал 5 дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду үміткерлер қатарында жоқ. Португалиялық футболшы бұл марапатқа 2022 жылдан бері ұсынылмай жүр. 

«Алтын допты» табыстау рәсімі 26 қазан күні Лондонда өтеді. Салтанатты кеш жүлденің алғашқы иегері Стэнли Мэтьюздің құрметіне алғаш рет Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылмақ.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: