Астанада үстел теннисінен Президент кубогы өтеді

WTT Star Contender Astana 2026 халықаралық турниріне әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Жарыс 15-20 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Биылғы турнирдің жүлде қоры – 300 мың АҚШ доллары. Президент кубогы елордада екінші рет өткізіліп отыр. Бәсекеге әлемдік рейтингте жоғары тұрған спортшылармен қатар, Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысады.  Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар дайындық барысы мен жарыс бағдарламасын таныстырды. 

Руслан Жетубаев, ұйымдастырушы: 

- Додада Қазақстан намысын 40-қа жуық спортшы қорғайды. Олардың қатарында танымал спортшы Фан Бо да бар. Турнир бағдарламасында жекелей және жұптық сайыстар бар. Халықаралық деңгейдегі додалар қазақстандық спортшылардың тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді. Президент кубогы – елдегі үстел теннисін дамытуға бағытталған ірі халықаралық жобалардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыз: