Қазақстан аралас жекпе-жектен Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады
Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындары аясында аралас жекпе-жектен бәсекелер басталды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Еркінғали Бүркіталин 77 келіге дейінгі салмақта (traditional) өнер көрсетуде.
Ол алғашқы кездесуінде Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Мин-дяньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Еркінғали ширек финалда оңтүстіккореялық Юн Тэёнмен күш сынасады.
Бұған дейін Әйгерім Төреханова 54 келіге дейінгі салмақта (modern) алғашқы кездесуінде қарсыласына жол берген болатын.