А. Жаңабай – Азия ойындарының қола жүлдегері

Фото: olympic.kz

Ерлер арасындағы триатлон жарысында Арлан Жанабай қола жүлдегер атанды. Ол жарыс қашықтығын 53:11 нәтижесімен бағындырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Азиада ойындарындағы алғашқы жүлдесін ел қоржынына салды. Жарыста жапониялық Такуми Ходзе 52:56 көрсеткішімен жеңіске жетсе, Қытай спортшысы Чжан Сижуй 53:05 нәтижесімен күміс медаль иеленді. Ал тағы бір отандасымыз Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыз: