WTT Star Contender: үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогі өз мәресіне жетті
Астанада үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды. Бес күнге жалғасқан халықаралық додаға əлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысты. Президент кубогының басты жүлдесі – 300 мың АҚШ доллары.
Қыздар арасында жекелей сында жапондық Мию Кихара чемпион атанды. Ол финалда отандасы Хитоми Сатоны жеңді. Ал ерлер арасындағы финалда Германия өкілі Данг Цю француз Алексис Лебреннен басым түсті. Үстел теннисінен Президент кубогі осымен екінші рет ұйымдастырылды.
Мию Кихара, үстел теннисінен ҚР Президенті кубогының жеңімпазы / Жапония /:
- Қазақстанда өзімді үйдегідей сезінемін. Өйткені бұл менің мұнда бірінші рет келуім емес. Елде түрлі жарыстар көптеп өтеді. Барлығына барымша қатысуға тырысамын. Ұйымдастыру деңгейі де өте жоғары. Қарсыластарым да мықты. Жалпы үстел теннисін мен 4 жасымнан бері ойнап келемін. Осы спорт түріне мені алғаш рет әкем әкелді. Үстел теннисі өмірімнің бір бөлшегіне айналды.