Азиадада Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Вьетнамды жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында үшінші кездесуін өткізді.
Бұл жолы қазақстандықтар Вьетнаммен жолықты. Екі таймның қорытындысы бойынша 29:25 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан 34:24 есебімен, Оңтүстік Кореядан 42:18 есебімен жеңілген еді.