Жеңіл атлет Кристина Морозова Азиаданың күміс жүлдегері атанды

Сурет: AINAGOK

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кристина Морозова Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық спортшы Кристина Морозова 1:35:25 нәтижесімен Қазақстан құрамасының құрлық додасындағы жүлде қорын толықтырды.

Жарыста қытайлық Ян Люцзин 1:33:40 уақытымен жеңіске жетті. Ал үздік үштікті тағы бір Қытай өкілі Юньянь Цзян 1:35:26 көрсеткішімен түйіндеді.

Қазақстан құрамасының өкілі Эльмира Калимуллина 1:43:21 нәтижесімен алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Азия ойындарында жеңіл атлетикадан жарыстар жалғасуда. Алдағы күндері қазақстандық спортшылар бағдарламаның өзге дисциплиналарында жүлделер үшін сынға түседі.

Сондай-ақ оқыңыз: