Азия ойындары: Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды «24KZ».

Зілтемірші 95 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Нұрғиса жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келіні еңсеріп, күмістен алқа тақты.

Ирандық Али Алипур алтын медаль жеңіп алды - 398 (180+218) келі. Ал қытайлық И Ту қола медальға ие болды - 384 (179+205) келі.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: