Азиада 2026: қос балуан жүлдеге таласады
Қос балуан Нұрқожа Қайпанов пен Нилуфар Раимова бүгін Азия ойындарының қола жүлдесіне таласады.
Екі спортшы да жартылай финалда сүрінді. Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта ирандық Юнес Эмамичогаиға жол берсе, Нилуфар Раимова әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта қытайлық Кэ Син Хунға есе жіберді.