Ұлттық құрама V Азия Пара ойындарына аттанды

Қазақстандық спортшылар бесінші Азия Пара ойындарына аттанды. Бүгін Астанада оларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. 

Шара аясында ұлттық құраманың ту ұстаушыларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы табысталды. Биыл бұл жарыс 18-24 қазан аралығында Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы сапына 150 спортшы енді. Олар 12 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды. Жарысқа Азияның 45 елі мен өңірінен шамамен 4 мың спортшы қатысады деп жоспарланған. Бұл ойындарда спорттың 18 түрі бойынша 502 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен соңғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы рекордтық нәтиже көрсетіп, 41 медаль жеңіп алды.

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Әрине федерациялардың ұсынысына қарап, біз болжам жасаймыз. Алайда бұл жерде оны айтып өтуді дұрыс деп ойламаймын. Әлем чемпионаттарына, Азия чемпионаттарына қарап, біздің өзіміздің жоспарымыз бар. Әр федерацияның алдына қойған талабымыз да бар.

Дастан Мұқашбеков, пара спортшы:

- Пара Азия ойындарына өте керемет өтті дайындық. Өте жақсы, өте жақсы нәтижеге жетіп, жоғары орындарды алуға тырысамыз. Қарсыластарымыз Өзбекстаннан, БАӘ-дан бар, Орталық Азия елдерінен бар.

Сондай-ақ оқыңыз: