Джиу-джитсудан әлем чемпионатында қазақстандықтар 7 алтын медаль жеңіп алды

Джиу-джитсудан Татарстан астанасы Қазанда өткен әлем чемпионатында Қазақ елінің спортшылары 7 алтын 5 күміс 7 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ.


Бүгін Астанада суға жүзуден Жібек жолы сериясын аясында әлем кубогының кезеңі басталды. Бұль сынға 40 қа жуық елден 300 ден аса үміткер келіпті. Олардың арасында әлем және олимпиада чемпиондары да бар. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан намысын қорғаған үміткерлер арасынан үш бірдей спортшымыз финалға жолдама алған болатын. Айбек Мырзамұратов 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде жүлдеге таласуға мүмкіндік алса, Егор Попов 100 метрге еркін әдіспен жүзуде 26,57 секунд нәтижесімен шешуші кезеңге шыққан, бірақ жүлделі орынға қол жеткізе алмады. Сондай-ақ Софья Сподоренкода 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде іріктеу кезеңінен іркілмей өтіп, финалда 9-шы сатыға табан тіреді.

Кларенс Зеедорф есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Шаш өсіру үлгісімен ғана емес, ала допты жусатып өргізген шеберлігімен де көпшілік есінде қалған футболшы. «Аякс» пен «Реал» және «Милан» командаларының сапында жасындай жарқылдап, 4 рет Еуропа чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған голландиялық ойыншы мансабын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрған болатын. Бірақ ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері жоқ. Өзі ойнаған «Милан» мен қытайдың «Шенжэн» және Ла Каруньяның «Депортивосы» мен соңғы рет Камерун құрамасын жаттықтырған. Енді міне, араға жеті жыл үзіліс салып, бапкерлік жұмысқа қайта оралып, Коринтианстың тізгінін ұстады. Бразилиялық клубтың қазіргі жағдайы өте ауыр. Ұлттық біріншілікте көш соңында келеді. Маусымның аяқталуына 9-ақ тур қалды. Зеедорфқа жүктелген тапсырма қалайда «Коринтинасты» жоғарғы топта қалдыру. Кларенске Бразилия футболын жақсы таныс. 2013-ші жылы «Ботафаго» сапында бутсиін шегеге ілгенін білеміз. Енді «Коринтиансқа» қол ұшын бере ала ма? Оны уақыт көрсетеді. Кларенс Бразилиялық клубпен 2027 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды.

Дәл осы күндері Қытайдың Ухань қаласында теннистен қыздар арасындағы дәстүрлі турнир өтіп жатыр. Бұл жарысқа Елена Рыбакинадан өзге барлық мықтылар тіркелген болатын. Алайда үздіктердің біразы алғашқы айналымнан аса алмады. Осы турнирдің бірінші ракеткасы Белорусиялық Арина Соболенко АҚШ теннисшісі Энн Лимен болған тартысты ойында 6:3 4:6 6:7 есебімен ұтылып қалды. Екінші нөмірмен тіркелген Джессика Пегулада Латвия үкілеген Елена Остапенкоға жол берді. Ал Украиналық Елина Свитолина сенімді түрде ширек финалға шықты. Алдымен ресейлік Людмила Самсонованы сан соқтырған Елина кеше қытай теннисшісі Хо Годан басым түсті. Есеп 6:1 6:4.

Сондай-ақ оқыңыз: