Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионтында қола жеңіп алды
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионтында қола жүлдегер атанды.
Байрақты бәсеке Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатыр. Шешуші кезеңде жерлестеріміз Оңтүстік Корея хоккейшілерінен 5:1 есебімен басым түсті. Ал жарыс басында аруларымыз жалпы үш кездеу өткізді. Турнир қожайындары Жапония құрамасымен өткен матчта отандастарымыз 0:4 нәтижесімен жеңіліс тапса, Қытай өкілдеріне қарсы ойында 1:2 есебімен есе жіберді.