Еркін Габбасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі

Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пара оқ атудан пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов  249.1 ұпай жинап, чемпион атанды. Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды «24KZ»

Екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) еншіледі. 

Айта кетейік, бұған дейін Еркін Габбасов Парарлимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медальді жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз: