V Азия Пара ойындары: Дастан Мұқашбеков күміс, Иван Зелезняк қола медаль жеңіп алды

Фото: @parateamkz

Бүгін Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жеңіл атлетикадан ерлер арасында F36 классында ядро итеру сайысы өтті, деп хабарлайды «24KZ» ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар Дастан Мұқашбеков 15.47 метр нәтижесімен күміс медаль иеленсе, Иван Зелезняк 12.71 метр нәтижесімен қола жүлдеге қол жеткізді.

1-орын: Бахтиёров Б. (Өзбекстан) — 15.98 м (Азия Пара ойындарының рекорды)

2-орын: Дастан Мукашбеков (Қазақстан) — 15.47 м

3-орын: Иван Зелезняк (Қазақстан) — 12.71 м

Сондай-ақ оқыңыз: