Пара Азия ойындары: спортшылар тағы 2 алтын, 2 күміс алды
Қазақстандық спортшылар Пара Азия ойындарында тағы 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Бұл жолы пара велоспорттан 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут уақыт көрсеткішімен топ жарды, деп хабарлайды 24KZ.
Одан бөлек, Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский күміс еншіледі. Сондай-ақ әйелдер арасындағы 55 шақырымдық бәсекеде Анастасия Калаус пен Полина Братчикова да алтыннан алқа тақты. Олардың уақыт көрсеткіші – 2 сағат 5 минут. Ал Жұлдыз Қайнарова мен Анжелла Соловьева екінші болып мәре сызығын кесті. Дәл қазір ел қоржынында 47 медаль бар. Оның 12-сі алтын, 15-і күміс, қалған 20-сы қола.