Пара Азия ойындары: Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты
Жапониядағы 5-ші Пара Азия ойындарында ел намысын қорғаған Айсұлу Сүлейменова елге оралды. Спортшыны жанкүйерлері мен әріптестері Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды 24KZ.
Айсұлу Сүлейменова байрақты бәсекеде Азия рекордын жаңартты. Финалдық сында 100 метр қашықтықты 16,18 секундта еңсерді. Жерлесіміз спортпен қатар қоғамдық қызметті қатар алып жүр. Бүгінде ол – Құрылтай депутаты. Осылайша, Айсұлу Азия біріншілігінде бесінші орын иеленгенімен, өз санатында құрлықтық рекорд орнатып, маңызды жетістікке қол жеткізді.
Айсұлу Сүлейменова, пара жеңіл атлет:
– Азия рекордын жаңартқаныма өте қуаныштымын. Әрине, бұл күтпеген жағдай болды. Өзіме сенсем де, қобалжу болды. Алайда Қазақстанның атын шығарып жатқаныма өте қуаныштымын.