Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты басталды
Алматыда таеквондодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа елдің өзге өңірлерінен келген 350-ге жуық таеквондошы қатысып жатыр. Спортшылар 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Бұл жарысқа Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары келген. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, жеңімпаздар алдағы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушы саны жағынан бұл кейінгі бес жылдағы ең ауқымды чемпионат. Ал таеквондоның бұл түрі Олимпиада және Азия ойындарына кіреді. Жарыс үш күнге созылады. Яғни финалдық жекпе-жектер 6 қарашада өтеді. Чемпионаттың әділ өтуін қадағалап, қатысушыларға баға беретін онға жуық төреші шетелден келген.
Құдірет Шамиев, Таеквондо федерациясының президенті:
- Бұл жарыс Қазақстан чемпионаты болғандықтан, барлық мықты спортшылар қатысып жатыр. Бірақ 2-3 спортшымыз бар бұл жарыстан тыс қалған, себебі олар өздерінің мықты екенін Азия ойындарында, Әлем чемпионаттарында алтын алып, жүлделі болып, өздерінің мықтылығын дәлелдеген болатын. Қалған спортшылардың барлығы сақадай сай осында. Келесі жылға 2-3 сұрыптаудан өткізіп барып, кімнің Әлем чемпионатына баратынын анықтайтын боламыз.
Назым Махмудова, таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы:
- Таеквондомн айналысқаныма 9 жыл болды. Қазір Ұлттық құрамада жаттығу жасаймын. Алда Әлем чемпионаты бар. Сол Әлем чемпионатына дайындаламызБүгін үш жекпе-жек өткіздім, финалдағы қарсыласым Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері болды, сол қарсыласым қиын болды.