Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде топ жарды

Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты. Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз: