Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при өтеді

Қазақстандық боксшы WBF титулы үшін жұдырықтасады. Кәсіпқой бокстағы Александр Ковригин келесі жекпе-жегін 28 қарашада Филиппин астанасы Манилада өткізеді. Оның қарсыласы Танзания өкілі Рамадан Масуд Идд болады. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы WBF International чемпионының белбеуі сарапқа салынады. 

Қазақстан мен Словакия тең түсті

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының шешуші мачтары өтті. Біздің жігіттер ең соңғы ойынды өз алаңымызда өткізді және Словакия құрамасын қабылдады. Кездесу барысында Ұлттық құрама сапындағы Ислам Чесноков пен Ян Вороговский мергендігімен көзге түсті. Қонақтар да қарымта екі гол соқты. Қорытынды есеп – 2:2. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының топтағы жағдайын жақсартуға жеткіліксіз. Өйткені Джон Ван’т Шкип жаттықтыратын жігіттер тізімде соңғы тұр. Осы ойында алған бір ұпай да көтерілуге мүмкіндік бермеді. Сонымен Ұлттар лигасы аясындағы алты матчтан кейін топ басына 12 ұпаймен сенімді түрде Словакия жайғасты. Одан кейін 8 ұпаймен Фарер аралдары және 7 ұпаймен Молдова орналасты. Ал Қазақстан құрамасының қоржынында 3 ұпай ғана бар. Жалпы алғанда Ұлттық Құрама Ұлттар лигасы аясында 6 мачт өткізіп, оның үшеуінде есе жіберді, үшеуінде тең түсті.

Джон Ван’т Шкип, ұлттық құраманың бас бапкері: 

- Қарсыласымыздың мықты екені айтпаса да түсінікті. Десе де бүгін біздің жігіттер жақсы ойнады. Тәртіп пен жүйе біртіндеп бір жолға түсіп келеді. «Астана Аренаға» жиналған жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Олар Ұлттық Құраманың сәтсіздіктеріңне қарамастан, керемет қолдау танытып келеді.

Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты

Елордадаға ел үздіктері жиналды. Бұнда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Оған 300-ден аса қатушы жиналды. Араларында ұлттық құрамадағы жігіттер де бар. Олар енді он салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Ресми ашылу салтанатынан кейін бірден іріктеу кезеңі аясындағы жекпе-жекттер өтті. 

Айта кету керек, осы жарыс қорытындысы бойынша алдағы жылы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын негізгі команда жасақталады. 19 жасқа дейінгілер арасындағы ішкі біріншілік бір аптаға созылады. Жартылай финалдық және финалдық айқастар 21-22 қарашада өтеді.

Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при өтеді

Астана әлемдік Гран-приді қабылдайды. Елордада таеквондодан жылдың басты бәсекелерінің бірі өтеді. Оған 128 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Араларында 4 бірдей Ұлттық Құрама өкілі бар. Яғни ел намысын 49 келіде Рита Бакишева, 57 келіде Мария Севостьянова, 58 келіде Тамирлан Тілеулес және 80 келіде Батырхан Төлеуғали қорғайды. Осы жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге рейтингілік ұпайлар беріледі және дәл осы көрсеткіш 2028 жылғы Лос-Анджелес олимпиадасы жолдамалары сарапқа салынғанда маңызды рөлді атқарады. Әлемдік Гран-приді Астанадағы Жекпе-жек сарайы қабылдайды. Байрақты бәсеке 28 және 29 қараша аралығында болады.    

Сондай-ақ оқыңыз: