422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вице-премьер И.Тасмағамбетов Универсиада-2017 нысандарының әзірлігін бағалады

  • 2648
Вице-премьер И.Тасмағамбетов Универсиада-2017 нысандарының әзірлігін бағалады

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов алдағы Халықаралық студенттік сайыстардың өткізілуіне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы нысандардың әзірлігін тексерді.

Бүгін вице-премьер Универсиаданың спорттық нысандары мен инфрақұрылым нысандарын қарап шықты, функционалдық бағыттардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.

Көшпелі кеңес барысында Иманғали Тасмағамбетов Алматыдағы Медеу ауданында орналасқан 3 мың орындық «Халық Арена» спорт кешеніне, Универсиада өтетін Атлетикалық қалашыққа, «Алматы Арена» мұз айдыны сарайына, «Сұңқар» ХШТК, «Медеу» мұз айдынына және «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына барды. Сонымен қатар «Табаған» спорт-сауықтыру кешені мен «Алатау» шаңғы биатлон кешенінің жаңғыртылуы және дайындық барысымен танысты.

Алда өтетін Универсиада нысандарының әзірлігі туралы айта келе, вице-премьер спорттық сайыстарға объектілердің дайындық қарқынына көңілі толатындығын білдірді және бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ Иманғали Тасмағамбетов мұндай ауқымды іс-шараның өткізілуі сайысты ұйымдастыру және барлық мүдделі құрылымдар мен ведомстволардың жұмысы тұрғысында егжей-тегжейлі қарауды қажет ететінін атады.

Иманғали Тасмағамбетов іс-шараны өткізу және сайыс қатысушыларын қабылдау аясында қала инфрақұрылымының әзірлігін қамтамасыз ету қажеттігіне, сондай-ақ Универсиада қонақтарының қауіпсіз және жайлы орналасуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасау қажеттігіне баса назар аударды. Бұл ретте ол көлік-логистикалық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету өте маңызды екенін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы