422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық фристайлшылар Универсиадаға тыңғылықты дайындалып жатыр

  • 2448
Қазақстандық фристайлшылар Универсиадаға тыңғылықты дайындалып жатыр Фото: VilingStore

2017 жылы Алматы қаласында өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиаданың басты үміткерлері - Қазақстанның фристайлдан студенттік құрамасы.

Қазір қазақстандық фристайлшылар алда келе жатқан Универсиадаға тыңғылықты дайындық үстінде.

«Қазіргі таңда фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева мен Павел Колмаков Швейцарияда жаттығуда. Ал Дмитрий Рейхерд пен Дмитрий Бармашов шетелде өткен жаттығулардан жақында ғана елге оралды. Барлық спортшыларымыз келер жылы өтетін үш маңызды сайысқа дайындалуда.  Атап айтқанда, бұл - Универсиада, Азия ойындары және Әлем чемпионаты. Біздің мақсатымыз - өз елімізде өтетін додада үздік нәтиже көрсету», - деді Қазақстан құрамасының фристайлдан мемлекеттік жаттықтырушысы Қазбек Иманғали.

Мемлекеттік жаттықтырушының айтуынша, фристайлдың могул, акробатика, ски-кросс түрінен Универсиада ойындарында біздің спортшылар бірнеше медальға қол жеткізе алады.

«2015 жылы өткен қысқы Универсиадада фристайлдың могул түрінен екі алтын алғанбыз. Сол жетістікті келер жылы да қайталауға тырысамыз. Галышева мен Колмаковтың алтын алуға мүмкіндігі мол. Ал фристайлдың акробатика түрінен Жанбота Алдабергеноваға сенім артып отырмыз. Сондай-ақ ски-кросс шеберлері де Қазақстан қоржынына медаль салуға мүмкіндігі бар», - деп атап өтті Қ.Иманғали.

Айта кету керек, қазақстандық фристайлшылар 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дейін Финляндия, Канада, АҚШ-да өтетін әлем кубогының кезеңдеріне қатысады.

Хабар 24 телеарнасы