376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда футзалдан жолдастық кездесу өтті

  • 604

Алматыдағы Қазақ спорт және Туризм академиясында футзалдан ұлттық лига жеңімпаздары мен алаң иелері жолдастық кездесу өткізді.

Аяқ доп шеберлерінің сайысында 9:6 есебімен Академия командасы жеңіске жетті. Студент жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында елімізде жыл сайын ұлттық студенттер лигасының жарыстары өтіп тұрады. Биыл шағын футболшылар бәсекесіне 48 команда қатысып, ақпараттық технологиялар университетінің аяқдопшылары жеңімпаз атанды.

Мұхтар Есқалиев, Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры:

- Барша қазақ жұртына белгілі біздің елімізде 17 жылы осы міне 1 жарым айдың төңірегінде елімізде үлкен байрақты бәсеке дүниежүзілік қысқы Универсиада өтеді. Осы Универсиаданы насихаттау мақсатында және қолдау көрсету мақсатында бүгінгі біздің футбол жарысы өткізіліп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы