388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби боксқа ауысты

  • 429
  • UPD: 21:09, 12.01.2017

Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби боксқа ауысты.

Әуесқой шаршы алаңда жүлде біткеннің бәрін жиған жігіт енді кәсібилер арасында топ жарсам дейді. Америкалық промоутерлік компаниямен келісімге келген қазақстандық боксшы енді 66 келіде атой салмақ. Данияр алғашқы жекпе-жегін мамыр айында Қытайда өткізуі мүмкін. Ақпан айында Қазақстандық жігіт ресми келісімшартқа қол қояды. Оның ісімен айналысатын мамандар Елеусінов екі жылдың ішінде кәсіпқой бокста әлем чемпионы болады деген сенімде.

Хабар 24 телеарнасы