383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» – «Молоть-Прикамье» – 4:3

  • 627
  • UPD: 20:50, 13.01.2017

Ресей жоғары хоккей лигасында ойнайтын Қарағандының «Сарыарқасы» Пермь қаласының «Молоть-Прикамье» командасын қабылдап, қосымша уақытта 4:3 есебімен басым түсті.

Матч қонақтар үшін сәтті басталып, ресейліктер екі шайбамен алға шыққан. Алайда үзілістен кейін Қарағанды хоккейшілері нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, «Сарыарқа» сапындағы тұңғыш ойынын өткізген Михаил Анисин есеп айырмасын қысқартты. Кездесудің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Артур Сарваров таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта Дмитрий Орловтың соққан шайбасы «Сарыарқаға» екі ұпай сыйлады.         

Вадим Епанчинцев, «Сарыарқа» ХК бас бапкері:

- Қарсылас команда ойынды жақсы бастады. Тіпті екінші кезеңде басымдықтарын дәлелдей түсті. Бірақ біздің жігіттер екінші және үшінші кезеңдерде бапкерлер тапсырмасын тиянақты орындап, шайбаға иелік етіп, гол соғатын мүмкіндіктерді жүзеге асырды.

Хабар 24 телеарнасы