385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юлия Путинцева Australian Open-2017 додасын жеңіспен бастады

  • 557
  • UPD: 20:41, 17.01.2017

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open-2017 додасын жеңіспен бастады.

1 сағат 47 минутқа созылған кездесуде отандасымыз испаниялық Лара Арруабаррена-Весиноны жеңді. Енді екінші айналымда қазақстандық теннисші латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.

Ерлер бәсекесінде Михаил Кукушкин алғашқы айналымнан ары аса алмады. Ол франциялық Фрэнсис Тиафодан тек бір ғана сет жеңді. Сонымен үлкен дулыға жарысынан Кукушкиннен бөлек Ярослава Шведова, Галина Воскобоевалар да шығып қалды. Ал тағы бір «су жаңа» қазақстандық Александр Бублик алғашқы айналымда жеңіске жетіп, екінші кезеңге өтті.

Хабар 24 телеарнасы