385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия чемпионатында «Торино» мен «Милан» тең түсті

  • 452
  • UPD: 21:23, 17.01.2017

Италия чемпионатының 20-турында тегеурінді «Торино» мен мінезді «Милан» кездесті.

Тегеурінді дейтініміз бекер емес. Кездесудің 21-минутында олар есеп ашты. Гол авторы Белотти. Ал араға 5 минут салып Бенасси есепті еселеп тастады. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен шабады» дегендей онсызда жеңіліп жатқан «Милан» қақпасына төреші пенальти берді. Жасы әлі 18-ге толмаған Джанлуиджи Доннарумма Адем Ляйичтің соққысын қайтарды. Жас таланттың өнері қанаттандырса керек, Винченцо Монтелла шәкірттері 5 минут ішінде таразы басын теңестірді. Алдымен Бертолаччи, сосын Карлос Бакка 11-метрліктен гол соқты. Сонымен ойында соғылған 4 голдың авторлары Белотти, Бенасси, Бертолаччи, Бакка.

Хабар 24 телеарнасы