387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Риода паралимпиада жүлдегерлері бейнеленген маркалар шықты

  • 494
  • UPD: 10:43, 19.01.2017

«Қазпошта» Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиада жүлдегерлеріне арнап маркалар шығарды.

Таралымы 15 мың. Онда жүзуден алдына жан салмаған чемпион және әлемдік рекорд иегері Зүлфия Ғабидуллина, пауэрлифтингтен күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаева бейнеленген. Айта кетейік, «Қазпошта» осыған дейін Сочиде өткен қысқы Паралимпиадалық ойындарына арналған маркаларды айналымға енгізген болатын.

Ерлан Сүлейменов, ҚР Паралимпиадалық комитетінің атқарушы директоры:

- Біздің чемпиондарымыздың пошталық маркада бейнеленуі оларға деген ілтипатпен қатар, үлкен құрмет. Коллекционерлер мен филателисттер бұл маркалардың бетіндегі оқиғаның маңыздылығын бағалай алатындығына сенеміз.

Раушан Қойшыбаева, пауэрлифтингтен күміс жүлдегер:

- Біздің бейнемізді шығарып, тек қана Қазақстан емес басқа жерлерге де өзіміздің көрсеткен дәрежемізді таныстырып отырғандарыңызға, соған өзім алғысымды білдіргім келеді. 

Хабар 24 телеарнасы