384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

  • 849
  • UPD: 21:00, 19.01.2017

WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 17 ақпанда 23-кездесуін өткізеді.

Қанат Исламның бұл жолғы қарсыласы бразилиялық боксшы Робсон Ассис (Robson Assis) болмақ. Ассис осы кезге дейін 19 кездесу өткізіп, оның 16-сында жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген. Тоғыз кездесуінде қарсыласты нокаутпен ұтқан.

Отандасымыз 17 ақпанда Рой Джонстың Делавэр штатындағы (АҚШ) Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Қанаттың ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасы.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы