384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннистен ұлттық әйелдер құрамасы қызу дайындыққа кірісті

  • 479
  • UPD: 20:49, 26.01.2017

Теннистен ұлттық әйелдер құрамасы қызу дайындыққа кірісті.

Өйткені бірер аптадан кейін Астанада әлем чемпионатының іріктеуі өтеді. Яғни Үндістан, Жапония, Таиланд, Филиппин, Қытай, Корея және Қазақстан құрамалары жалғыз жолдаманы сарапқа салады. Қазір жарысқа қатысатын қыздар іріктелді. Олардың арасында күні кеше жасөспірімдер арасында жүрген қазақ теннисшісі Камила Керімбаева бар. Ал үздік ракеткаларымыздың бірі Зарина Диас жарақатына байланысты оған қатыса алмайды. Айта кетейік, Федерация кубогының іріктеуі Астанада осымен үшінші мәрте өткелі тұр. Дәл осылай 2013 пен 2014 жылы байрақты бәсекені Қазақстан қабылдаған. Бірақ ұлттық құрама жеңімпаз атана алмады.

Диас Досқараев, ҚР Теннис федерациясы президентінің орынбасары:

- Дайындық жоғарғы деңгейде деп ойлаймын. Себебі әр елге Федерация кубогын қабылдауға, әрине, көптеген мүмкіндік береді. Үйде ойнағанда жанкүйерлер қолдайды. Сондықтан біз тек қана үлкен мақсат қойып отырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы