378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания кубогы: «Барселона» мен «Реал Сосьедад» төртінші жолдаманы сарапқа салады

  • 529
  • UPD: 21:09, 26.01.2017

Ала доп аламаны жанкүйерлерінің назары қазір Испания кубогына ауды.

Әсіресе, көпшілігі «Реал Мадрид» биыл бас жүлдегені алады деп күткен. Бірақ Зинеден Зидан баптайтын жігіттер ширек финалдан әрі аспады. Мадридтік клуб бұл жолы өз алаңында «Сельтаны» қабылдаған еді. Қонақтар алғаш болып есеп ашты. Бірақ Криштиану Роналду екінші кезеңде қарымта гол соқты. Жалпы матч 2:2 есебімен аяқталды. Алайда бірінші ойында қонақтардың басым болғанын ескерсек, жартылай финалға «Сельта» шығады. Бұған қоса кезекті кезеңге өткен командалар арасында «Алавес»пен «Атлетико» бар. Төртінші жолдаманы бүгін түнде «Барселона» және «Реал Сосьедад» клубтары сарапқа салады. Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады. 

Хабар 24 телеарнасы