378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» ригалық «Динамоны» 3:2 есебімен жеңді

  • 483
  • UPD: 22:30, 27.01.2017

Құрлықтық хоккей лигасының плейоффы жақындаған сайын командалар арасындағы тартыс күшейіп келеді.

Әсіресе астаналық «Барыс» маусымды турнир тізімінің соңынан бастағанымен, күні кеше 5-ші орыннан бір-ақ шықты. Бұл жолы олар ригалық «Динамомен» кездескен. Матч барысында алаң иелері 2 шайба соқты. Ал астаналық клуб қарымта қайтарып, 3 голмен жауап берді.

Осылайша, қазақстандық команда қатарынан 4-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бас бапкер Эдуард Занковец ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында бұл жетістікке хоккейшілер техникалық қарымы жетіле түскенінің арқасында жетті деді. Әсіресе, қарсылас қателігін сәтті пайдаланып, сан басымдығын голмен аяқтауға күш салынатынын айтты. Плейоффқа дейін «Барыс» әлі 7 кездесу өткізеді және оның алтауы Астанада.

Хабар 24 телеарнасы