378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Абылайхан Құсайынов кәсіби рингтегі бесінші жеңісіне жетті

  • 609
  • UPD: 11:28, 29.01.2017
Боксшы Абылайхан Құсайынов кәсіби рингтегі бесінші жеңісіне жетті Eye of the Tiger Management

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов кәсіби рингтегі бесінші жеңісіне жетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Құсайынов канадалық боксшылар Стивен Батлер мен Брендон Куктың жекпе-жегі басты кездесу болған Квебектегі бокс кешіне қатысты. Жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 25 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы мексикандық Оскар Мехия болды. 6 раундтан тұратын жекпе-жек техникалық нокаутпен отандасымыздың пайдасына шешілді.

Хабар 24 телеарнасы