384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды

  • 762
  • UPD: 16:45, 03.02.2017
Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды Сұрақ-Жауап

Қазақстандық шахмат спортының хас шебері Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атағын жеңіп алды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Бүгін Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайтында шахматтан Еуразияның ең сұлу аруына дауыс беру аяқталды. Оның қорытындысы бойынша отандасымыз бірінші орын алды.

17 жастағы бұрымдымызға 9136 адам дауыс берген. Екінші орынға 23 жастағы өзбекстандық Сарвиноз Курбонбоева жайғасқан. Ол 7848 дауыс жинапты. Үшінші орын 653 дауыс жинаған тәжік қызы Мутриба Хотамиге бұйырды.

Айта кетейік, сайыста бұл үш спортшыдан бөлек Польша, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Қырғызстан елдерінің спортшылары бақтарын сынаған.

Жансая Әбдімәлік - халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Қазіргі уақытта ол Халықаралық шахмат федерациясы тізген рейтингте қыз-келіншектер арасында 43-орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы