378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис Кубогы кезінде теннисші арбитрдің бетінен доппен салып қалды (бейне)

  • 968
  • UPD: 11:05, 06.02.2017

Канадалық теннисші Денис Шаповалов Оттавада өтіп жатқан Дэвис Кубогы кезінде ашуға жол берем деп, барлық атақ-абыройдан бір мезетте жұрдай болды.

Атап айтсақ, 17 жастағы Шаповалов британдық қарсыласынан жеңіліп бара жатқанына ызаланып, ойын кезінде қалтасынан артық допты шығарып, оны ракеткасымен ышқына қағып жіберді. Сол сәтте жарықтың жылдамдығымен ұшқан доп барып, ойынға қазылық жасап отырған арбитрдің бетіне тиді.

Соққыдан өз-өзіне келе алмай, едәуір қиналған төреші артынша Канада теннисшісінің техникалық жеңіліс тапқанын жариялады.

Енді Дэвис Кубогының 1/8 кезеңінде Британиядан жеңілген Канада келер жылы осы айтулы сайысқа қатысу құқығына ие болу үшін тағы бір қарсыласпен күш сынасуға мәжбүр болды. 

Ал ашушаңдық танытып, өзін өзі ұстай алмаған теннисші Шаповалов Дэвис Кубогынан шеттетілді.

Дереккөз: YouTube

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы