378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путинцева WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартты

  • 579
  • UPD: 12:26, 06.02.2017
Путинцева WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартты Фото: Eurosport

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева WTA жаңарған рейтингінде әлемнің үздік 30 теннисшісі қатарына қосылды.

Бұл нәтиже – отандасымыздың спорттық мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіші, деп жазады Vesti.kz.

22 жастағы қазақстандық теннисші St.Petersburg Ladies Trophy халықаралық турнирінің финалына дейін шықты. Финалда ғана француз Кристина Младеновичке жол беріп, жарыс жеңімпазы атана алмады. Десе де, финалға дейінгі сәтті ойыны WTA рейтингінде 7 орынға жоғарылауына мүмкіндік берді. Нәтижесінде Юлия Путинцева 27-орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Оның осыған дейінгі рейтингтегі үздік көрсеткіші 31-орын болатын.

Айта кетейік, Юлия Путинцева Санкт-Петербургте өткен турнирде (St.Petersburg Ladies Trophy) алғаш рет WTA санатындағы доданың финалына шыққан болатын. Жаңарған WTA рейтингінде Ярослава Шведова бір орынға төмен сырғып, 46-орыннан көрінсе, Зарина Дияс екі орынға төмендеп, 166-орынға тұрақтаған.

Хабар 24 телеарнасы