384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африка ұлттары кубогының иегері анықталды

  • 684
  • UPD: 23:52, 06.02.2017
Африка ұлттары кубогының иегері анықталды

Габонда өткен Африка ұлттары кубогын Камерун құрамасы еншіледі.

Олар финалда Салах бастаған Египет құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Үшінші орын үшін өткен ойында Буркина-Фасо құрамасы Гананы 1:0 есебімен ұтты.

Турнирдің үздік сұрмергені болып елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга танылды. Джуниор Кабананга бақ сынайтын Конго Демократиялық Республикасы жарысты ширек финалда аяқтады. Гана құрамасына 2:1 есебімен есе жіберіп алды. Ал топтық кезеңде конголықтар Марокко мен Того құрамаларын ұтып, Кот-д’Ивуар құрамасымен тең түскен еді. «Астана» шабуылшысы үш ойында да гол соққан болатын, деп жазады dodasport.kz.

Хабар 24 телеарнасы