378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Альварес жекпе-жегі Техаста өтуі мүмкін

  • 469
  • UPD: 10:29, 07.02.2017
Головкин мен Альварес жекпе-жегі Техаста өтуі мүмкін Фото:Vesti.kz

Қыркүйек айына жоспарланып отырған Геннадий Головкин мен Сауль Kанело Альварес арасындағы жекпе-жек Техас штатына қарасты Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium аренасында өтуі мүмкін.

Бұл туралы Aldiadallas.com басылымына сілтеме жасап, Vesti.kz хабарлап отыр.

Жекпе-жектің бұл жерде өту мүмкіндігі Сауль Канело Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавестің алдағы жекпе-жектері Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасына ауыстырылғандықтан. бірден өсіп кетті. Негізі бұл екі боксшы арасындағы кездесу әу баста дәл осы Далластағы стадионда өтуі керек еді.

AT&T Stadium жергілікті «Даллас Ковбойз» командасының стадионы. Өткен жылы бұл спорт кешенінде Альварес Лиам Смитке қарсы кездесу өткізіп, 51 240 жанкүйер жинаған еді. Ал Канело мен Головкин арасындағы кездесуге 100 мыңнан көп жанкүйер жиналуы мүмкін деп отыр басылым.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Канело Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастағаннын айтқан еді. Бірақ бұл келіссөздер соңына дейін жетіп, жекпе-жекті ұйымдастыру үшін алдымен Головин Джейкобсты, ал Альварес Чавесті алдағы кездесулерінде жеңуі керек.

Хабар 24 телеарнасы