389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBA Жақиянов пен Уоррен жекпе-жегінің афишасын жариялады

  • 536
  • UPD: 11:58, 07.02.2017
WBA Жақиянов пен Уоррен жекпе-жегінің афишасын жариялады Фото: Prosports.kz

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) пен америкалық боксшы Роуши Уоррен (14-1, 4 КО) арасындағы жекпе-жектің афишасын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 ақпан күні Толедо қаласында (Огайо штаты) өтеді. Бұл жекпе-жекке 29 жастағы америкалық боксшы жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін тіксе, 33 жастағы ЖақияновWBA тұжырымының белбеуін қойып отыр.

Айта кетейік, Уорренге қарсы кездесу – Жақияновтың АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан бірінші жекпе-жегі. Бұған дейін отандасымыз 12 елде, тарқатып айтсақ, Қазақстан, Монако, Болгария, Австралия, Беларусь, Англия, Солтүстік Ирландия, Гонконг, Швейцария, Өзбекстан, Таиланд және Ресей жерінде жұдырықтасқан еді.

Хабар 24 телеарнасы